1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының «Біздің
отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары
болыпты
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той
жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете
бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халық суға
мұқтаж бола бастайды. Су ішпеген соң есімдіктер қурап, мал жойыла бастайды. Халықтың
басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыту
сұрапты.
Сонда қарт айтқан екен.
Толағай, біздің жерімізде тау жоқ бұлт келмейд. Сондықтан жаңбыр жаумайды, дейді.
Толағай
Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? - дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде
орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай
әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр
сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетті. Жаңбыр жауған сайын жұрт
Толағайды есіне алады екен.
Дұрыс (+) Брыс
Ақпарат
Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана арманы болған екен.
Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл орапты
Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан,
жауын жаумайды.
Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда
жетеді.
Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады.
Су ішпеген соң өсімдіктер қурап, мал жойыла бастайды