1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. (1 ұпай) Жер бетін робот сайлаған заман болыпты. Адамдар тіпті бір-бірімен амадасудан калып, техниканың ұлтына айнала бастапты. Роботтар адам санасын яжаулап, акыл-есін алып, өздеріне бағындырыпты. Сондай күндердің бірінде кітапхана атты сарайда көне кітап өмір сүрген екен. Көне кітаптың сөреде тұрғанына көп болған екен. Беттеріне күн түспей, ескіріп өмір сүріп жатты. Кітапхана іші күн санап өзгеріп, мұқабалары жатт- жұлт еткен небір жана кітаптар пайда болады. Онымен қоймай электронды кітаптар да пайда болыпты. Осындай ескі-құсқыны неге жоя салмайды екен? деген сөздер де ескі кітаптың көңілін түсіріпті. Кітапхана ішіндегі әр тілдегі кітаптар бір-бірімен жарыса сөйлеп, өз окырмандарының көптігін айтып, шуласып жатты. Көне кітап ақырын ғана күрсініп тұр еді, оны бір адам алыпты. Онымен қоймай шаң басқан ескі мұқабасынан жылы алақанымен бір сипап өтті. Сөредегі кітаптар шу ете қалды. Таптым, мен осы кітапты көп іздедім ғой, деген оқырман жігіт сөзі тіпті электронды кітапты таң қалдырды. Бейне бір бойына қанат біткендей көне өте қатты қуаныпты. Әр бетін аялай ашқан окырман жігіттің қолдарында жаңа өмірге келгендей мәз. Сол күннен бастап кітап қолдан-қолға өтіп, небір ғұлама-оқымыстылардың алдына барған екен. Роботтанған мәңгүрт заманға дәру болар сөздер дәл осы көне кітапта екенін дәлелдеген жігіт заман ауруын жойған екен. Ал көне кітап болса мәртебесі артып, арманына жетіпті.
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
Менін отбасым! Мен оз отбасымды жаксы коремин. Менин отбасымда акем асыраушы, анам камкоршы, агам коргаушы. Акем аркашан менин айтканымды орындауга тырысады. Менин унаган заттарымды ар дайым алып береди. Мен акемнен айтканын булжытпай орындаймын. Бирак бул корыккандыктан емес, бул акеме деген суйиспеншиликтен. Анам мен ушин ерекше жан. Анам ардайым мени демеп, акыл кенес берип журеди. Ал агам мени ар дайым баскалардын ренжитуинен коргап журеди. Маган али кунге ешким ренжитип кормеген. Себеби мен кишкене болсын буртиган туримди агам корсе, тыныш отира алмайды, ардайым конилимди тауып алады. Менин отбасым менин кишкентай 1 ши отаным.
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
Мен оз отбасымды жаксы коремин. Менин отбасымда акем асыраушы, анам камкоршы, агам коргаушы. Акем аркашан менин айтканымды орындауга тырысады. Менин унаган заттарымды ар дайым алып береди. Мен акемнен айтканын булжытпай орындаймын. Бирак бул корыккандыктан емес, бул акеме деген суйиспеншиликтен. Анам мен ушин ерекше жан. Анам ардайым мени демеп, акыл кенес берип журеди. Ал агам мени ар дайым баскалардын ренжитуинен коргап журеди. Маган али кунге ешким ренжитип кормеген. Себеби мен кишкене болсын буртиган туримди агам корсе, тыныш отира алмайды, ардайым конилимди тауып алады. Менин отбасым менин кишкентай 1 ши отаным.