1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз. Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға
түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр
күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Көзқарас
1.
2.
3.
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша күрделі жоспар құрыңыз.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
а)
ә)
ІІІ. Қорытынды бөлім 3-тапсырма.
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз.
4- тапсырма. «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Орфографиялық нормаға сай, 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме құраңыз.
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады.
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда.
Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 кг салмаққа тапсырыс беріп еді, сәл күші жетпей қалды.
Демалыста (мезгіл үстеулерін қолданумен)
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектестім. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім еді. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.