1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, зат есім+етістік сөз тіркестерін теріп, сөйлем құрастыру
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер
№
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс (дәлелде)
1
Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.
2
Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Сауран деп аталды
3
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.
4
Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді
Жазылым.
3-тапсырма . Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз (2)
Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.
«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. (2)
Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген.
Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді.
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.