1 тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда,оқы. Адамдар бір-біріне құрмет көрсетуі керек. Бұл — сыпайылық пен әдептілікке жатады. Кішілер үлкендерге –құрмет, үлкендер кішілерге үлгі көрсеткені дұрыс. Үлкенді сыйлау — жақсы қасиет. Әр бала өз үйінде атасын, әжесін, әкесі мен анасын құрметтегені жөн. Мектепте мұғалімдерге –құрмет көрсету — жақсы тәрбиенің белгісі. Әлібек — өте тәрбиелі, мейірімді, ақылды бала. Атасы оған ақыл айтып, жақсы істерге үйретеді. Әлібек атасының сөзін тыңдайды. Атасын сыйлайды. Әлібек көшеде үлкен кісілерге көмек береді. Оларға көшеден өтуге, автобустан түсуге көмектеседі. Үлкен кісілердің сөмкелері ауыр болса, үйіне апарысады. Олар Әлібекке алғысын айтады.
Мұхтар Шахановтың бұл шығармасында, әке мен баланың қателіктері жайлы айтылған.Әке кейіннен өз қателігін түсініп, дала заңына бағынып, баласын садақпен өлтіреді. Бұл шығармада әкенің қателігі балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбие бермеуі .Әке балаға Махамбетті жек көретінін айтып, дұрыс жасамады ,сол себепті, бала кішкентайынан әкесін дұрыс түсінбей ,есейгенде Махамбетті өлтіреді. Ал әке 《Махамбеттей батырға, Бүкіл халық ғашық болса айыппа》 деп өз қателігін баласына айтады. Мұнда айтқым келгені, адамның нақты ойын білмей тұрып, оны кінәлауға болмайды. Соны түсінген әкесі 《Ақын деген киелі аққу самғаған ,Ал ендеше ,аққуды атқан пендені, қай атаңнан көріп едің оңбаған》деп ,баласының Махамбетті өлтіргені үшін өзінің де өлуін талап етіп, оны бір тауға апарып ,әкесі садақпен атып жібереді.
(111 сөз)
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.