1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.
- Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.
– Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.
Ендеше екеулеп шығарып тастайық. Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл
кезде бағана басындағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.
- Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір қаладан
екінші қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.
Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа
отырғызып үлгерген,
-Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға
болады. Тек әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.
Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді./Бір кезде Ораздың
көзі сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.
- Жүгірейік!- деді Ораз. – Біз сабаққа кешіктік!
Ал есеп ше? - деді Нұрлан сасқалақтап.
(ВА, Осеевадан аударылып,
бейімделген)
Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
• Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
• Балалар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырма
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген
тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.
17
а можно фото
Объяснение:
и я скажу ответ