В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
MishaBig
MishaBig
14.12.2022 20:24 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз.
Аталған проблема бойынша ойыңызды салыстырыңыз.
Бақ-дәулет – бірлікте

Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі
менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-
туыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай,
жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені халықтар
достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-
жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп,
көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық,
дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді.
Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан
көп ұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген
болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел
деген атаққа ие болды.
Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар
достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені
оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай,
жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар
емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден
уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты
қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш

орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар
достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды.
Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып,
жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз
жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.
Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі
тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде
қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып
отырған жұмыс сан алуан.

2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, комментарий жасаңыз.
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол -
Ғаламтор. Адамзаттың интеллектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың
ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды
қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды.
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті
ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие
боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек
уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т. б зияны туралы
айтсақ, ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт
мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда
адамға зияны аз болады. Әрине, кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса, оның зияны
болады.
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба.
Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге
дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет аясы төтенше
шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен
дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған
ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын
бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние
ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында,
нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Мәтіндегі фактілер Мәтіндегі көзқарастар

Показать ответ
Ответ:
RainbowRashers
RainbowRashers
17.06.2021 00:13
Дос дегенің сенің жаныңда жүретін, жаныңды түсінетін, сыр сақтайтын, адал, мейірімді, парасатты, ақкөңіл, сені сыйлатын және ең бастысы қандай жағдай болсада жаныңнан табылатын адамды айтамыз.   Қай достың болсада бір міні болады.Ол мінді өзіңнің бойыңнан өшіру керек және досыңның бойынан да өшіруің керек. Мен үшін достың үлкен кішісі болмайды, қайта жақсы,жаманы болады. Сондықтан тек өмірде жақсы адаммен дос болып, егерде жаман адаммен дос болсақ оның қателіктерін қайталамайтындай ақыл айт,үйрет, ол сонда ғана саған ең жақын дос бола алады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
89037895793
89037895793
17.06.2021 00:13
Егер су жоқ болса, жер бетінде ешқандай жануарлар, құстар, ешқандай жәндіктер, балық жоқ еді. Топырақ, ағаш, бұталар, гүлдер, шөптер жоқ еді.
Неліктен су қажет? Өмір сүру үшін. Дененің гигиенасын сақтау, ыдыс-аяқты жуу, материалдық пайда алу үшін су қажет. Өркениеттің сусыз дамуы қиын емес. Су ресурстарынсыз өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығы жұмыс істей алмады жəне дами алмады.
Егер су болмаса, өмірді біз байқаған нысан бойынша бұл мүмкін емес еді.ПОСЛОВИЦЫ: 
1.Ақау үшін таза су.2.Нан шағып, су тереді.3.Су жолды табады.4.Нан және су болғанша бәрі маңызды емес.5.Су және жер қыртысы және тас гуджасы.6.Су бар жерде тағы да болады.7.Су бәрін жабады, бірақ банк қазып алады.Елек су тартпайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота