1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз. Ертеде Еуразия даласында сақ тайпасы өмір сүрді. Оларды батыста скифтер десе, парсылықтар сақтар деп атады. Ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі туралы деректер аз. Көшпенділер туралы деректер иран, парсы, грек жазбаларында кездеседі. Көшпелі халық негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.Сондықтан әр жыл мезгілінде олар жаңа тұраққа көшіп отырған. Көшпенділерде бір жылда төрт мекен болды. Жазда жайлауда, күзде күзеуде, қыста қыстауда, көктемде көктеуде тұрған. Көшкенде заттарын, жүктерін арбаға салып,жаңа мекенге көшіп отырған. Сондықтан оларды көшпенді халық деп атаған. Сақтар күшті ел болды және кең байтақ Еуразия даласын ешкімге бермеді. Сақтардың батыр әйелдері тарихта қалған. Солардың бірі – атақты патшайым Томирис. Көшпелілер мәдениеті мен өнерін әлем таныды. Тарихшылардың деректері бойынша, олар алтыннан және күмістен әшекейлер жасаған.. Негізгі қаруы – садақ Оны шеберлер жасаған. Сақ тайпалары көрші елдермен сауда жасайды.Олармен азық -түлік киім, ыдыс тағы басқа заттар алмастырған. Сөйтіп, көрші елдер арасындаді керуен жүрді.. Баяғыда ертеде ежелгі кең - байтақ атақты
СОР
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үш тіл – заман талабы
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз.
Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз.
Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын
табыңыз.
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар.
D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.
(+ белгісімен белгілеңіз).
1 Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс.
2 Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді.
5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.
• Өнер алды – қызыл тіл.
• Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.
• Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
6. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
• Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.
• Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.
• Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.
Объяснение:
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш