В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
anavasko21
anavasko21
21.10.2021 11:14 •  Қазақ тiлi

1. Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Факты мен Автордың
көзқарасын ажыратыңыз

Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген
оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл
өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың
аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай
қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен
ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс
жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода
көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз.
Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен.
Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды.
Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек
құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу
жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік
келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына
алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз.
«Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не
керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің
арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды.
Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық.
Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол
күйі қайтпады.

Показать ответ
Ответ:
LizaDemidova3101
LizaDemidova3101
14.02.2021 20:53

Халықтың наным- сенімі мен салт- дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер табу деп аталады.

Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.

 Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан.

Еркежанның шолпысы да дыбыс бермеді ау.

Әжем қатты ашуланғанда ғана "қорасан келгір" деуші еді.

Қойына итқұс шапқан шопанның еңсесі түсіп кетіпті.

Төребалада ертерек келе алмады ау.

Әттең, енемді ертіп келерде, Сырғалымды да тастамау керек еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Shkola17032004
Shkola17032004
13.05.2021 05:57

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады

Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.

Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.

Объяснение:

Атам әңгелекті әкеліп, соя басады.

Терімшілер таң атқаннан бері тыным таппады.

Болаттың жұмысы атауызбен ағашты шегеден  тазарту болды.

Ұсталық қасиет Арсланға ерте қонды.

Шит еккен машинаның қарасы көрінбейді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота