1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай
мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазғаныңызға сүйеніп баяндаңыз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып
жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі
бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да
пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға,
сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара
жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш
вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз.
Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары
бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты
шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті.
«Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда
жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз
ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп
мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне
күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан
түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға
алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол
күйі қайтпады.
Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі байқау жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұйымдастырылып отыр. Оқыту үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізу, дарынды балаларды анықтау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері сан алуан жұмыстар жүргізетіні мәлім. Соның бірі – танымдық іс-әрекетке, ізденушілікке, зерттеушілікке негізделген жобалар. Байқауды ашқан «Өрлеу» БАҰО Алматы қалалық филиалының директоры Р.Сәдуақасова жас зерттеушілерге сәттілік тіледі. Ғылымның сырын ұғынуға талпынған бүлдіршіндер «Тірі табиғат», «Мен және менің әлемім», «Математика, ғылым, техника» аталымдары бойынша сынға түсті. Кішкентай зерттеушілердің арасында университеттердің ғылыми зертханаларына дейін барып, көп ізденгендері де бар. Олар жобалық жұмыстарының үлгілерін ала келіпті. Мысалы, 1-сынып оқушысы Руслан Батырхан ұсынған қауіпсіз лифт қондырғысы төтенше жағдайлардың алдын алуға арналса, 3-сынып оқушысы Кирилл Хлопунов күн қуатын пайдаланып су жылытатын қондырғы арқылы жасыл энергияны дамытуға үлес қоспақ.
Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.