1-тапсырма Мәтінді оқы,аудар
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты.
2-тапсырма
Мәтін бойынша диалог құра.
Біз «Дала заңына» бағынып өскен халықтың ұрпағымыз. Қай заманда болсын, өз құқымызды қорғап, ар-намысымызды таптатпауға тырысқан елміз. Осы тұрғыдан қарағанда, рухани деңгейден материалдық деңгейге түсу, құндылықтардың өзгеруі, қоғам заңдылықтарын дұрыс түсінбеу, адамгершілік қасиеттердің төмендеуі секілді бүкіл болмысымыздағы өзгерістер ішкі рухымыздан ажырап, рухани қуатымыздың әлсіреуінің белгісі ме деген ойлардың көңіл түпкірінен әлсін-әлсін қылаң беретінін несіне жасырайық. Бұлайша шала бүлінудің де реті жоқ шығар… Әйтсе де бүгінгі бет-бейнеміз шаң басқан айнадан өзін анық көре алмай әбігерге түскен адамның кейпін елестететіндей. Осы орайда адамзат болмысындағы түрлі өзгерістердің соңы қайда апарады? Адамзат үшін ең қауіпті нәрсе не? Халық белсенділігінің төмендеуіне не себеп деген бірқатар сауалдарға жауап іздеп көрген едік.
Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында "кімнің сөзін сөйлеу керек?" деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді.
Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары деп айтамыз. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Сары, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы. Осылардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі болса, Құлманбетпен айтысы қазақ әдебиетіндегі айтыстың жақсы бір үлгісі. Құлманбет ақын Албанның би, болыстарының байлығымен, дәулетімен мақтанғанда Жамбыл «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» деп жеңіп кетеді.