1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Әдебиет ақындар мен жазушылардың дәргейіндегі дүние, а музыка мәдениетін композиторлар жасайды. Қазақтың байырғы, көне халықтық музыкасын да жеке өнерпаздар дүниеге әкелген. Бірақ уақыт өте келе ән мен күйді туған халқына паш етуші авторлардың аты-жөндері ұмытылып, көрі тарихтың жадынан есімдері өшіп қала берді. Тек ХІХ ғасырдан бастап халық жадында мәңгілік ұмытылмайтын ұлы таланттар шоғыры дүниеге келді. Атап айтқанда: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Сайдалы Сары Тоқа, ықылас, Абыл, Қыздарбек, Есір, Дайрабай, Құлшар, Дина, Мәмен, Боғда, Әбди, Сүгір, Сембек, Сейтек сынды саңлақтар халқымыздың күй өнерін кемелдендірсе, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мұхит, Жаяу Мұса, Естай, Жарылғапберді, Мұстафа Бүркітбайұлы, Құлтума, Әсет, Мәди, Ғазиз, Сары, Иманжүсіп, Шашубай, Берікбол Көпенұлы, Тәуке, Иса, Нартай, Кенен тәрізді өнерпаз композиторлар мәңгі тозбас һәм қайталанбас ғажайып ұлы ән дәстүрін дүниеге әкелді. Жоғарыда аттары аталған «әнді ерттеп, күйді мінген кемеңгер- лердің» дарын қуаты мен талант тегеуріні? халқымызды музыка мәдениеті аса кемел биікке көтерілген ұлттардың қатарынан ла- йықты орнын алдырды. Е.Төлеутай АМәтінде берілген күйшілер мен әнші-сазгерлерді екі бағанға бөліп жазыңдар. Тізімді өздерің білетін әнші-күйшілермен толықтырыңдар. ә Мәтінде айтылған «халық өнерін жеке өнерпаздар тудырады» деген ойды жалғастырып, өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. Б Мәтіндегі ойды жалғастырып, «Халық және өнерпаздар» тақырыбына эссе жазыңдар. O в Мәтіндегі көсемше мен есімшеден жасалған етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Объяснение:
(◠‿◕)
Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс.
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі болып табылады. Кез келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономиканың барлық салаларының жеделдете дамуы үшін маңызды база - минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады