1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Не туралы айтылған? (Прочитай текст.О чем говорится в тексте)
Егінді өзі орып, өзі басып, өзі ұшырып тазартып, дәнді төгіп беретін
мәшине комбайн ғой. Мұнда тау комбайны бар екен. Ол көмірді тілгілеп-
жіктеп алады, өзі құлатады және өзі жинап, бірден конвейерге тиеп беріп
отырады.
Тау комбайының болат сары тістері көмірді тілгілегенде босаған көмір өзі
құлап түседі, ол көмірді жерге түсірместен қағып әкетіп тұратын үлкен
қалағы бар. Осындай тамаша мәшиненің тілін жақсы біліп жүргізетін
кенші жұмысшыларды көріп, Ақылбай үйренсем деп қызықты.
Көмір пластарының қалай бет алғанын, қалай қазу керек екенін көрсетіп,
өлшеп инженер, геологтер де жүр. Ақылбай мен Шәкенге олар көмірдің
орман, тоғай өсімдіктерінен пайда болғанын дәлелдейтін көмір ішіндегі
ағаштың көмірге айналған сабауларын көрсетті.
Тау комбайны туралы)