1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тазалық туралы данышпан қарттың қорытынды сөзін жалғасытырп, өз пікірлеріңді қосыңдар.
Тазалық
Жас жігіт дана қарттан: «Өмірдегі ең маңызды нәрсе не? Оны қайдан табуға болады?» -деп сұрапты. Дана қарт мәуелі алма ағашының астында отыр екен. Ол басын жоғары көтеріп, жігітке:
- Мына алманың біреуін үзіп ал, -деп жауап беріпті.
- Міне, алыңыз, - деп жігіт алманы алақанына салып, қартқа береді. Қарт алманы алмайды. Жігітке:
- Енді оны ортасынан қақ бөл. Ішінде не барын қара, -дейді.
- Төрт дәні бар.
- Соның біреуін бөл, дәнінде не бар екен?
- Ақ түсті дән.
- Сол дәнді майдалап, тағы да қарашы, не көріп тұрсың? – дейді.
- Еш нәрсе көріп тұрған жоқпын, -деп жауап қатады жас жігіт.
Сонда қарт:
- Сен маңызды нәрсені таппадың. Маңызды нәрсе соншалықты мөлдір болады, оны көзбен көру мүмкін емес. Ол – тазалық. Мендегі, сендегі маңызды нәрсе –тазалық. Адамның жаны да, денесі де, киімі де, сөзі де, мінезі де, әрекеті де – бәрі таза болу керек,-депті дана қарт.
Дескриптор:
-мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
- бұрынғы жастар мен қазіргі жастарды салыстырады;
2-тапсырма: Тұжырымдарыңды хабарлы, лепті, сұраулы , бұйрықты сөйлемдерге айналдырыңдар.
Дескриптор:
-тұжырым жасайды
- тұжырымдарды хабарлы, лепті, сұраулы, бұрықты сөйлемдерге айналдырады;
3-тапсырма:
1. Қазіргі заманның жастары мен бұрынғы заманның жастарын салыстырыңдар.
2. Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Жай сөйлемнің түрлерін ата
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді;
- мысалдармен дәлелдейді;
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
1.Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған36 кітап.
2. Сабақтас сөйлемді табыңыз.
Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.
3.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
В) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
4. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.
В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.
5. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
С) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді.
6. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады.
7. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
С) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Е) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
9. Құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.
Е) Сабақтас.
10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
Е) Салалас құрмалас сөйлем.
11.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.
В) Не мақсатпен?
12. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Жел тұрды да, жаңбыр жаумады.
Д) Салалас құрмалас сөйлем.
13. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
14. Құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.
Д) Салалас.
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
Д) Салалас құрмалас сөйлем.
16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
17. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Е) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім.
18. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
С) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар.
19. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.
20. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.