1-тапсырма. Мәтінді оқы.
Менің атам – ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберханада ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кiсiлер былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өрнектеді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Қобыздың бетіне«мүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «Сынықмүйіз» өрнегін салды Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті. Атам көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге «Әдемі-ай» өнер музейіндегі сирек кездесетін зергерлік бұйымдарды қойды. Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихынан сыр шертеді.Әшекейлер мыңдаған жылдар бұрынғы ұлттық көне мәдениеттің дамуын көрсетеді.
2-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, жасалу жолдарын айт. Түбірі мен жұрнағын ажырат. Мысалы: Бар – түбір, жасайды – жаса – түбір, -й – ауыспалы осы шақтың жұрнағы, - ды – жіктік жалғау, 3 жақ, т.с.с.
«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. «Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол – елорданың халық көп баратын жерлерінің бірі. «Бәйтерек» – Қазақстан символы! «Бәйтерек» – Астана символы! Адам қиялының жемісі Астанаға келушілерге кең-байтақ Қазақстанды алақанда тұрғандай бір мезгілде аралап көріп, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысып ертегідей елітер керемет сәт сыйлауға ие болды.
Адамдардың құндылықтары мен сенімдерін, тұрақтылығы мен уақыт өткен сайынғы өзгерістерін және олардың әлемнің түрлі елдеріндегі қоғамның әлеуметтік және саяси дамуына ықпалын зерттейтін «Әлемдік құндылықтарға шолу» (World Values Survey) атты жаһандық жоба бар. Бұл – әлеуметтік ғылымдар бойынша әлемдегі ең ауқымқы зерттеу бағдарламасы. Жоба бойынша дүние жүзінің 110 елінде орналасқан 200-ден аса ғылыми және зерттеу ұйымдарының әлеуметтанушылары, саясаттанушылары, зерттеушілері және ғалымдары жұмыс істейді. Бағдарлама шеңберінде 1981 жылдан бастап әлем халқының 92%-ы тұратын 110 елде жаппай сауалдама жүргізіліп келеді. Аталған жаһандық жобаның аясында Қазақстанда екі рет сауалдама жүргізілген. Соның бірін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды. Бұл туралы бізге аталған институттың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Рақышева айтып берді.