1-тапсырма. Мәтінді оқы, сын есімдерді тауып, астын сыз (Прочитать текст. Найти и подчеркнуть прилагательные).
Ұлы дала қоңыржай белдеуде орналасқан. Ұлы даланың шегі
көрінбейді. Ол көкжиекке дейін теп-тегіс жер. Орманды-далалы
аймақта егін алқаптары көп. Егін өспейтін жерлер шабындыққа
пайдаланылады. Дәнді-дақылдар өсіріледі. Шөлейт жердің
климаты құрғақ. Қысы суық, ашық аязды күндер көп болады.
Шөйлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып,
кеуіп кетеді. Шөлдің ең үлкені – Қызылқұм құмы. Ондағы құмның
түсі қызғылт сары. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ.