1 тапсырма. Мәтінді оқы. Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі
Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.
Халықтын тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.
Мәтінге тақырып қой/Придумай название тексту
Мәтінде қандай мәселе көтерілген? Өзіңнің ойыңды жаз.
Какая проблема пондимается в тексте? Напиши свою мысль.
2. тапсырма Берілген көмекші сөздермен сөйлем құрастыр/ составь предложение со служебными словами.
маңы (возле), үсті (на верху), іші (внутри), сырты (снаружи).
Такырып. Тил
Унгирдин манында аю турады. Уйдин устинде кус тур. Уйдин ишинде мысык бар. Ал сыртында менин итим бар