1 - тапсырма . Мәтінді оқыңыз . Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты анықтаңыз . Негізгі ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз . 2017 жылдан бастап елімізде ауылшаруашылықты дамытуды жана бағдарлдарламасы қолға алынды . Қазақстан Үкіметі агроөнеркәсіп кешенін дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған жаа бағдарламасын бекітті . Бұл бағдарлама ауылшаруашылықты ілгері дамытуға , кеңейтуге көмектеседі . Бағдарлама бойынша , сиыр сауып , өздігінен пайда тауып жрген шаруалар өзара бірігіп сүт қабылдау орнын аша алады . Ал үкімет оған кеткен шығынның жартысын төлейді . Аталған бағыттың тағы бір өзгешелігі банкке кепілзат қоюдың қажеті жоқ , Бұл — шаруалардың бәсекеге қабілеттігін кшейтеді . Ауылшаруашылығы министрлігінің жоспарына сәйкес , бес жылды ішінде рес публика бойынша мына жуық сүт кооперативі ашылады . Сөйтіп , қазақстан дық маркамен шығатын сүт пен сүт өнімдерін барынша арттыру жоспарланған Еліміздегі сүтті 80 пайызын жеке косалқы шаруалар өндіреді . Өнімнің басым бөлігі жекеменшіктің қолында . Кооперативке үш - төрт адам емес , жиырма адам бірігеді . Себебі кооперативтер туралы заң бойынша , кооперативтегі адам саны үшеуден көп болуы керек Дегенмен бізге жиырма адамның біріккені керек . Сосын кем дегенде ірі қара болуы шарт . Осылайша кооператив құрып , сүт қабылдау кәсібін бастауға болады . Мемлекет шығынның жартысын өтеп береді . Сүт қабылдау орны ашылғаннан кейін ол жер шикізат салкындататын eki тонналык контейнермен жабдықталады . Сөйтіп , сиырды тағы және кешкі уақытта сауғаннан сүтті бірнеше тоннасы жиналуы тиіс , Кооператив төрағасы ол тауарды сүт зауытына апарып тапсырады . Сосын адамдардың тізімін береді . Зауыт басшылығы тізім бойынша ақшаны сүт тапсырған адамдардың жеке есепшоттарына аударады Ауыл халкыны сүтті отандық зауыттарға тапсыруға деген ниетін күшейту үшін мемлекет әр литр үшін қосымша ақша төлейді ЖАЗылым 2 - тапсырма . Суретте берілген отандық өнімдер туралы жарнама дайындаңыз . Жарнамада ең керемет , әлемде жоқ , дәмі тіл үйіреді , барлығына ұнайды және т.б. сөз тіркестерін пайдаланыз . Үй тапсырмасы : 1 - тапсырма . Шағын мәтін жазыңыз . Әжең күнделікті сауған сүтін базарға апарып сатады . Әжең агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы туралы естігенін айтты . Әжеңе бағдарламаны пайдаланудың жолдарын қалай түсіндірер едіңіз ?
Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды.
Табиғатынан зерек Ахмет 1882—1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халык өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, "халық жауы" деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.
1988 жылы ақын ақталды.Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.
Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген алғашқы кинотуындыларының бірі, «Біздің сүйікті дәрігер», музыкалық комедиясы көрермен қауымды Шара Жиенқұлова, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов, Ермек Серкебаев сынды қазақ өнерінің майталмандарымен қауыштырды. Фильм премьерасы 1958 жылы наурызда Алматы қаласында, ал Бүкілодақтың премьера 1958 жылдың 12 маусымында Мәскеу қаласында өтті.
Казахстаның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды. Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен