1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз. Мәтіннің мазмұнын анықтаңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Өмірде мамандықтың түрі көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер,
мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, суретші, сәулетші, есепші, ұшқыш болу үшін жақсы оқу керек.
Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, құрылысшы, тігінші, тоқымашы болу үшін
өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін
ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу
үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар:
әнші, биші, музыкант, кЩмпозитор, режиссер, т.б.
(67 сөз)
1.1 Мәтіннің тақырыбы:
12. Мәтіннің мазмұны
1.3 Сұрақтар:
1.3.1.Сен қандай мамандықты таңдайсың?
1.3.2. Өндірісте қандай мамандық иелері бар?
133 Қандай мамандықтарға ауылда жұмыс істеу керек?
134 Онер саласына қандай мамандықтар жатады?
Тест жауаптары.
1. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.
E) Айтылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
2. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын анықтаңыз.
C) 42.
3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз қатарын белгілеңіз.
C) Қатық, тас, көк.
4. Барыс септігінде тұрған туынды зат есімді белгілеңіз.
B) Бишіге, оқушыға.
5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін көрсетіңіз.
A) Бастауыш, баяндауыш.
6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім екенін көрсетіңіз.
E) Ш.Ниязбеков.
7. Түбірлес сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Биші керемет би биледі.
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Әмина әже немерелері... орманға келді.
E) -мен.
9. «Түп-түзу ...» сөз тіркесіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
B) Қайың.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
C) Сөйлесті.
11. Мезгіл үстеу нені білдіретінін анықтаңыз.
D) Іс-әрекеттің жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
12. Сұраулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Бүгін тойға келмегендер бар ма?
13. Одағай сөйлем соңында келсе, алдына қандай тыныс белгісі
қойылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір.
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Гүлден ерте тұрды.
A) Пысықтауыш.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын
көрсетіңіз.
B) -са, -се.
16. Төл сөзге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
«Көп сөз айтудың қажеті жоқ», деді бауыры.
A) Дефис.
17. Фразеологиялық тіркестің мағынасын белгілеңіз.
Иман жүзді.
D) Мейірімді.
18. Сөйлемдегі антоним сөздерін көрсетіңіз.
B) Қараңғы қанша дүниеде, дүниеде қанша жарық бар?
19. Жіктеу есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз.
B) Оған айтты.
20. Жақты сөйлемді табыңыз.
E) Басқаны ауызға да алмаймын.
Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.