1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл
акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан
күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа
оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға
тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап
талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды.
Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың
басты мақсаты болып табылады.
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған,
Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап
өз оқырмандарын тапты.
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап
берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды.
«Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар,
фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
1 Акцияның мақсаты неде?
2 Мұндай шараларды өткізудің кітапхана
үшін тиімді жақтары бар ма?
3 Кітап оқуға деген қызығушылықты
қалай қалыптастыруға болады? Мәтін
ақпаратын негізге алыңыз.
4 Мәтін ақпараты Сізде қандай ой
тудырды?
5 Кітапхана оқырмандарының санын
көбейту үшін тағы не істеуге болады