В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
anyakhrebtova
anyakhrebtova
15.09.2020 01:56 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Өте ертеде бір дана қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:

-Балам, дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен

соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан, - депті.

Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ

әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан

ақыл сұрай барады. Кемеңгер қария аталы сөздің шешуін былай айтыпты:

- Әкеңнің сөзі рас, балам. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Оның саған қалдырған қазына-

мұрасы - ...

1)Мәтіннің атауы:

2)Мәтіннің мазмұны туралы.

3)Мәтінді өз сөзіңмен аяқта:

4)Сұрақтар:

1.Дана қария ұлына не деді?

Жауабы:

2.Бала әкесі қалдырған қазынаны тапты ма?

Жауабы:

3.Аталы сөздің шешуі не?

Жауабы: ​

Показать ответ
Ответ:
LLA7A
LLA7A
04.12.2022 23:13
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
0,0(0 оценок)
Ответ:
света8612
света8612
19.01.2022 15:45
Бір мерген бозша құсты атып алды,
(Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды).
Басында бір ағаштың үш баласы
Шырылдап ұясында жетім қалды.
Ана жоқ таситұғын тағам-жемді,
Күн көрер бишаралар қайтіп енді?
Шулаған балапандар даусын естіп,
Сөз сөйлеп осылайша Түлкі келді:
«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,
Жасынан өлген екен аналары-ай.
Көбелек, шыбын аулап күн көретін
Жоқ екен пақырлардың шамалары-ай.
Әй, құстар! Тыңдаңыздар құлақ салып,
Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.
Үшеуін асырауға қанша қиын,
Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып.
Көкек құс! Жүнің түлеп жүр ғой бекер,
Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?
Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен
Басқа іс сауабына бар ма жетер?!
Бозторғай! Қарап тұрма сен де текке,
Жүресің бекер шырлап ұшып көкте.
Даладан, тоғайлардан тамақ ізде,
Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!
Сарымойын! Ер жетті ғой балаларың,
Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым.
Бұлардың күндіз-түні жанында бол,
Жоқтатпай сорлылардың аналарын.
Қарлығаш! Сен келтірсең маса-шыбын,
Бұларға о да қорек болар тығын.
Осындай жұрт жабылған сауап іске
Ұят қой кіріспесең, жарықтығым.
Сандуғаш! Не қылайын сені қайрап,
Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап -
Көңілін біраз ғана көтермекке
Зарлының жетім қалған соры қайнап.
Достарым! Осындай бір іс етелік,
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Ізгілер орманда да бар екенін
Осындай сауап іспен көрсетелік!»
Тұрғанда Түлкі сөйлеп сауап жолды,
Қайғыға естігеннің көңілі толды.
Аштыққа шыдай алмай үш балапан,
Ағаштан төмен жерге түсіп қонды.
Жұрт жинап жақсы кеңес қылған Түлкі,
Зарланып жетімді аяп тұрған Түлкі
Аузына үшеуін де қағып салды -
Өзі екен нағыз Құдай ұрған Түлкі.

* * *
Жеп қойды құстың жетім балапанын,
Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.
Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдар
Жеп жүрген обалсынбай жетім малын?
Пана боп, өзің сақта, Құдіретім,
Кім де кім балапандай қалса жетім.
Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардың
Ете көр жетімдерден аулақ бетін! 
 
key:Ахмет Байтұрсынұлы Қайырымды түлкі текст песни 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота