В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Доминатр
Доминатр
27.01.2022 12:57 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқып негізгі, қосымша, детальді ақпаратты теріп жазыңыз. Ежелгі Рим кезеңіндегі атақты мекен сол кездегі сәулет өнерінің бірегей үлгісі. Құрылыс кезінде аркалар мен бағаналар коринфей, ионикалық және дорикалық бағытта салынған.Колизей театрының алғашқыда «Флавия Амфитеатры» деп аталды. Флавей әулетінің көсемі, император Ве бұйрығымен Колизей театрының құрылысы басталған болатын. Өкінішке орай, император Ве театр құрылысының аяқталып, ашылу салтанатын көре алмай кетті. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, театр ашылу салтанатын атап өту 100 күнге созылды.Амфитеатр маңында Колосса алып мүсіні орналасқандықтан, кейін театр атауы Колизей деп өзгертілген.

Колизейде бір сәтте 50 мыңға жуық адам сыятын. Ғимарат төрт қабатты болатын. Алдыңғы үш қабаты кең аркалы, ал төртінші қабаты тік бұрышты. Әр қабат биіктігі 10-13 метрге жететін, ал ғимараттың жалпы биіктігі 44 метрді құрайтын. Амфитеатр аренасының өлшемі 45х79 метр, іші құмға толы болатын. Арена жан-жағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тормен қапталған. Ғимарат іргетасы мәрмәр кесектерден қаланды. Ішкі қабырғалардың құрылысына травертин тастары пайдаланылды. Ал өрнектер үшін кірпіш пен тау жыныстарынан қашалды.Құрылысқа 100 мың куб метр мәрмәр пайдаланылды. Оны құрылыс алаңына екі жүзден астам өгіз-арба жеткізіп тұрды.

Қазіргі таңда Колизей Рим қаласының көне көрікті мекендерінің бірі. Жыл сайын көне амфитеатрды өз көзімен көру мақсатында жердің түкпір түкіпрінен туристтер ағылады. Италия басшылығы Колизейге тарихи ескерткіш деп қарайды. Мұнда қоғамдық іс-шараларды, мерекелік дәстүрлі қойылымдарды ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Показать ответ
Ответ:
Elina558548
Elina558548
20.12.2022 17:50

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады. Мен:

«Саған ешкім тең келмейді бұл өмірде,

Анашым қамқоршымсың мәпелеген.

Бір өзіңсің бойыма қуат берер,

Әрдайым тек алдыға жетелеген.

Бесікке бөледің сен, жырыңды айтып,

Ұйқысыз өткіздің ғой түндеріңді.

Анашым алтынымсың бағасы жоқ,

Ризамын сыйладың сен осы өмірді.

Шексіз менің саған деген алғысым,

Себебі сен ақылшымсың, данасың.

Өмір бойы қарыздармын мен саған,

Мейірімді, ақкөңіл жан анашым» - деп

жырлаймын.

Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.

Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.

Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын.

«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!

Осы шығармамды өлең шумақтарыммен аяқтағым келеді:

Шыр-пыр болып шырылдайсың,

Қанат қаққан құстардай.

Балаң үшін зымырайсың,

Жүрсе екен деп аш қалмай.

Жан жүрегім лүпілдеген,

Жан берген сен кеудеме.

Сол жүрегім сені іздер,

Жан анашым әр кезде.

Еркелеймін бір өзіңе,

Есейсем де ер жетіп,

Тыңдамаймын кей кездерде,

Соңы болар қателік.

Сенің орның өте бөлек,

Қымбатсың сен алтыннан.

Объяснение:

өздеріңіз қиып аларсыздар^_^

подписалься ♡

0,0(0 оценок)
Ответ:
салмик
салмик
22.01.2022 11:03

Жоспар:

1.Ауладағы ғарыш кемелері.

2.Ғарышкер Нұрталап.

3.Жоспардың бұзылуы.

Аулаға төгілген теңіздің қиыршық құмы балалар үшін ең қуанышты күн болды.Балалардың бәрі аулада ойнауда.Таудай үйілген құм арасында екі ғарыш кемесі тұр.Ғарыш кемелерінде:"Сұңқар","Аққу",-деген жазулары бар.Балалардың ішіндегі пысығы,шымыр денелі - Нұрталап.Арнаулы бақылау аппаратында отырған Задагүл:Нұрталап Қаматов қайсың,-деп сұрады.Мен,-деп ғарыш киімін киген Нұрталап жүкіріп барды.Задагүл оның жүрегін,тынысын тыңдап,әткеншекке қатты айналдырып көріп:Жарайсың! Қиыншылыққа төтеп бере аласың,-деп мақтап қойды.Нұрталап масаттанып,достарымен қоштасып,ғарыш кемесіне мінгелі жатыр еді,оны бір дауыс тоқтатты.Қараса апасы:Сабақ уақыты болды,кел тездетіп,- деп мұны шақырып тұр екен.Нұрталаптың қынжылып тұрғанын көрген Задагүл:Бүгін демал,ертең міндетті түрде ұшасың,-деуі мұң екен,Нұрталап көңілденіп сала берді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота