1 – тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан түрлі. Сондықтан ақын айтысқа түсу үшін көп іздененеді. Материал жинайды. Сол уақыттың жақсы-жаман жаңалықтарын меңгереді, ой түйеді. Айтыскер ақын өз жа елінің, туған жерінің тарихын, географиялық және этнографиялық ерекшеліктерін, атақты адамдарын, салт-дәстүрін білуі тиіс. Өзімен айтысатын ақынның кемшіліктерін, ұнамсыз мінезін білгені тиімді болады. Оны қарсыласына қарсы қолданған. Майталман айтыскерге қойылатын талап бұрынғыдан күшеймесе, азайған жоқ. Себебі ақындардың сөзі қашан да халықтың сөзі болған. Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Айбек Қалиев сынды ақындар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрермендердің ықылас-ілтипатына бөленіп жүр. Қазіргі кезде қазақтың айтыс өнері өте жақсы дамыған. Елімізде жақсы айтыс мектебі бар. Оның дәлелі ретінде айтыс мектебінің өкілдері - Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртайұлы, ы, Сара Тоқтамысқызы, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков және т. б. өнерлі, ділмар айтыскер ақындарды атауға болады. Қазіргі кезде ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы жиі болады.
1 – тапсырма. Мәтіннен айтыскер ақынға қойылатын үш талапты жаз.
А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
ответ:1. Мәтіннің тақырыбы және көтерілген сұрақ: латын нұсқасы, олар қандай қауесет болғанын айтады, содан кейін 2021-2023 жж
латын нұсқасы болады.
Сондықтан қорқатын ештеңе жоқ. Өткенге көз жүгіртсек, латын әліпбиін қолданатын Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан және Түркменстан сияқты түркітілдес елдерде тілдік проблемалар жоқ, олар қазірдің өзінде жасалған деп айта аламыз.
2. Пән тарихы
3. Мәселе Нәтижесінде әлемдік серпілістің басталуы, яғни латын әліпбиіне негізделген қазақ алфавитіне көшу біздің тілімізді тар шеңберден босатып, оның жаһандануға сіңуіне жол бермейді. Тіл жақтаушысы Ахмет Байтұрсыновтың: «Ел - бүгін, менікі - ертең» деген пікірі бойынша, тек бүгінмен өмір сүріп қана қоймай, ертеңгі күн туралы ойланайық, қазақ халқына қамқор болайық!
4. Кезеңдер 2 кезең: 2021-2023.
3 кезең: 2024-2025 - латын әліпбиіне көшудің соңғы кезеңі.1 кезең: 2018-2020 - дайындық кезеңі,
Объяснение: