1-тапсырма. Мәтінді оқып, талқылау сұрақтарын құрастырыңдар. Хан Шатыр
Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алған тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Есімі әлемге кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Орталықтың өзіндік архитектурасы — ғимарат алып мөлдір шыныдан жасалған шатыр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр.
"Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.
20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр.
Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдары ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.
Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. Ғимараттың орталығында орналасқан "Тілек ағашындағы" жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.
Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.
конечно много, но я старалась