1.тапсырма. Мәтінді түсініп оқы
Қарлығаш - денесі ұзынша ,ұзын айыр құйрықты ,ұзын үшкір қанатты , епты қара кұс . Қарлығаш тау үңірлерінде да ұя салады ,өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя салады .Қыстық қарлығаштарының ұясы қора- қопсы мен үйлерде де бар .Олар ұя салатын жеріне ауа раайы жылынған кезде ғана ұшып келеді.Қарлығаш балапан шығару үшін шөп шаламен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе тәрізді ұя салады.Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды.Ұрғашы қарлығаш ұяда жұмыртқаны жалғыз ақ басып отырады.Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарын ата аналары қоректендіреді.
1) Мәтіннің негізгі ойын анықта
2) Мәтінге ат қой
2 - тапсырма
Мәтіндегі шөп-шаламмен,балшықтан,жұмыртқаны олардың қай септікте тұрғанын анықта
3-тапсырма
Берілген сұрақты негізге ала отырып ,пайымдау элементтері бар мәтін құрап жаз .
Қоршаған ортаны қорғау деген не және ол үшін не істеу керек?
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
(сондықтан оқу керек)