В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
SashkaFlavki
SashkaFlavki
12.01.2021 04:11 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Махамбет неліктен жалғыздыкка ұшырады? Жұбыңа әңгімелеп бер. Исатайы келмеске кеткесін-ақ тағдыры ауытқуға ұшырағанын Махамбет пайымдайды. Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне - сегіз жыл да үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы, шабуылы, қырғыны ойына оралды. Қапы қалған, қапия кеткен жері көп екен. Қарулы қолға төтеп бере алмау шарасыздық болса, хан баласынан ұқсатып кек ала білмеу - өкініш. Өзек өртейтін, бармак шайнататын өкініш. T, Әлімқулов. «Қараой» әңгімесінен

Показать ответ
Ответ:
Style55
Style55
07.07.2021 16:39

Қоян

Ор қоян орман - тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Ол – едәуір ірі аң салмағы 6 килограммға дейін жетеді.

Оның түсі түгелімен қоңырқай сұр, тек құйыршығының астыңғы жағы көптеген хайуандар секілді өз көжектеріне беретін белгісі болып табылады.

Қоян құйыршығын көтерсе, көжектері оны көреді. Ал құйыршығын түсірсе, күзгі шөптің арасына сіңіп, түсі маядағы пішенмен бірдей бола кетеді.

Қоянның жауы көп. Оны қасқыр да, түлкі де, сілеусін де, құну да, сондай - ақ үкі мен бүркіт те аулайды. Дегенмен ересек қоянды алу оларға үнемі оңай бола бермейді, ол өзінің өмірі үшін шайқаса біледі, яғни шалқасынан жата қалады да, тырнағы сояудай артқы аяқтарымен жауына тойтарыс береді. Аңшылар тірі қоянды құлағынан ұстап көтермеу керектігін біледі, ал егер көтере қалса, ол кәдімгідей жарақаттауы мүмкін.

Қоянды қорқақ деп жиі айтады. Бірақ ол олай емес. Өйткені қорқақтың қорқыныштан есі шығады да, не басы ауған жаққа қарай аяғы жеткенше зытады, не қайтерін білмей, қалтырап орнында тұрып қалады. Ал енді, мәселен қоянның тазыдан қалай қашып құтылғанын қарап көрелік. Ол ұзын құлақтарын арқасына жымырып алып, орғып - орғып жер бауырлап зытады, ал иттер болса оның соңынан арсылдап зымырайды.

Қоян ұзаңқырап алады да, ізін шатастыра бастайды: біресе артқа біресе оңға - солға шапқылайды. Ал одан соң, қарыштай секіріп, ізінен адастырады да, тығылып қалады. Тырп етпей отырып, қаһарлы тазылардың оның орман жұмбағын қалай табатынын бақылайды. Тек қана құлақтарын қыбырлатып, танауын жыбырлатады. Қоянның көзі бекер «қиғаш» болмаған, ол тек алдын ғана емес, жан - жағын, тіпті аздап арт жағын да көреді. Құлақтары да барлық жаққа бұрылады, сондықтан басын құр - бекер бұрудың қажеті болмайды. Сонымен, қоян өзінің қашан қашу керектігін көріп - білгенше демалып отыра береді. Ақ қоян қысы суықтау өңірлерді мекендейді. Қыс кезінде ол жерлерде орман «ақ көрпе» жамылады. Егер қоян жаздағыдай сұр күйінде қала берсе, онда ол жауларының көзіне оңай шалынып, жағдайы қиын болар еді. Сондықтан ақ қоян күзде түлейді: сұр жүннің орнына қардай аппақ ақ жүн өседі. Тек құлақтарының ұшы мен мұрны ғана қара болады. Ақ қоян ор қояннан көрі кішірек, бірақ оның іздері қояндікінен үлкендеу. Себебі мынада: әдетте оның орман ішінде қарда жүруіне тура келеді де, аяқтарын қалың түк басады. Сонда ол омбылап, қарға шомбып кетпей еркін жүре алады.

Ор қоян жылырақ жерді мекендейді, жатағы да жай ғана жер бетінде болады, ал ақ қояндар тундрада тіпті ін қазып алады.

Ор қоянның да, ақ қоянның да ұрғашылары үштен алтыға дейін көжек туады. Көжектері көзі ашық және жүндес, ересек қоянның дәл ойыншық көшірмесіндей болады. Қоян жылына екі, кейде тіпті төрт рет те көжектейді.

Ор қоянның ұрғашысы көжектерімен бірге болады. Ал мына ақ қояндардың дағдысы басқаша, яғни енесі көжектерін емізеді де, оларды бүтіндей иесіз тастап кетеді.

Бірақ бұл тіпті де білместік әлде қатыгездік емес, онысы – балаларын қорғаудың амалы болып табылады! Өйткені жыртқыш аңдарға енесінің ізі арқылы оның балаларын тауып алу оп - оңай ғой.

Егер қоян әр уақыт көжектерін жүгіре берсе, олар әйтеуір бір азулының аузында кетер еді. Ал былайша көжек өз орнында тырп етпей, тым - тырыс отырады. Демек, ештеңе оны байқамайды да, дыбысын да естімейді.

Қоянның сүті өте нәрлі болады, ол сиыр сүтінен алты есе майлы. Сондықтан көжек 3 - 4 күн бойы ашықпайды. Ал одан кейін қыбырлап, дыбыс бере бастайды.

Дәл осы кезде қоян да өз көжектерін іздеп шығады. Бірақ өзінікі болу міндетті де емес, өйткені ол кез келген көжекті емізеді. Ал тағы бір 3 - 4 күн өткеннен кейін көжектер отығады. Көп із түсірмеу үшін алдымен өз айналасындағы шөпке жайылады. Енді біраз уақыт өткеннен кейін орғи да бастайды. егер қоянның ізін кездестіре қалсаңдар оның қай жаққа қарай зытып кеткенін болжалдап көріңдер.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Adelina12005
Adelina12005
15.06.2020 13:14

Есік обасы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диаметрі 30 — 90 м, биіктігі 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота