1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің негізгі ойын анықта
Бір жолаушы қарт адамның жеміс
ағашын отырғызып жатқанын көріп:
-Қария бұл отырғызып жатқан
ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз
ғой, несіне бейнеттеніп жатырсыз?- деп
сұрайды.
-Бізден бұрынғылар да осылай ағаш
отырғызды, олардың жемісін біз жедік.
Енді біздің еккен ағашымыздың жемісін
кейінгілер жесiн. Сол үшін еңбектеніп
жатырмын,-дейді қарт.
Әлгі кісі бұл сөзге риза болып, алғысын
жаудырады.
Қарт кісі болашақ ұрпақ туралы ойлап оларға арнайы ағашты өсіріп жатыр