В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
anonimka2018oz5x7j
anonimka2018oz5x7j
14.12.2021 22:47 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (6-аудио). Тірек сөздерді анықтап,
дәптерлеріңе жазыңдар.


1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (6-аудио). Тірек сөздерді анықтап,дәптерлеріңе жазыңдар.​

Показать ответ
Ответ:
Isma24
Isma24
25.02.2021 19:09
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғынымын. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. Мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз. Асық, ләңгі, аударыспақ, күрес және басқа. Бұл ойындар ер балалар ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары. Негізінде футбол ойыны Қазақстанда жедел түрде дамып келе жатқан секілді. Қай жерде болмасын, ер балалардың бастары қосылса футбол ойынын ойнайды. Сол секілді біз де бұл ойынды ойнағанды жақсы көреміз. Мені бұл жақта балалар «Марио» деп атайды. Ол - Германия футбол құрамасында доп тебеді. Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатында бұл құрама чемпион атанған. Сол кезде финалда аргентиналықтардың қақпасына өзінің үздік голын салған осы Марио болатын. Мен бұл Әлем чемпионатын үзбей қарадым. Ауылда футбол алаңында барлық баланың басы қосылып, бөлініп осы ойынды ойнаймыз. Ойнап болған соң жүгіріп ауылдағы тауға мінеміз. Ол жақтан ауыл алақандай болып көрінеді. Бұл ауылда тұз өндіріледі. Ауылда асыр салып ойнап, қалаға қайтамын. Қаладағы күндерім де өте қызық. Өзім түрлі нәрсемен айналысқанды жақсы көремін. Сондықтан болар, барлық күнім өте қызықты өтеді. Мен бос уақытымды тиімді пайдаланғанды жақсы көремін. Мысалы, кітап оқимын, сурет саламын, анда-санда өлең шығарамын, заттарды фантазиямен түрлендіремін. Шығарған өлеңдерімді жақында «Балапан» телеарнасына жолдаймын. Менің каникулым осылай қызықты өтті. Бірнеше күннен кейін мектепке барамын. Тағы бір сыныпқа өстім. Бұл сыныпты да жақсы бітіріп шығатыныма сенімім мол.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Булат228337
Булат228337
23.09.2020 22:45
У меня в семье есть две бабушки. Бабушка Зина и бабушка Рая, но с бабушкой Зиной я вижусь очень редко потому,что она живет в другом городе. Моя бабушка Рая живет не далеко от нас, поэтому я хожу к ней каждые выходные.
Я считаю, что у моей бабушки просто настоящий талант готовить! Любая еда у неё получается очень вкусно!
А у моей бабушки Зины большой огород и каждый раз когда я приезжаю к ней летом, всегда кушаю настоящие овощи.
Не смотря на то, что я вижу одну из своих бабушек очень редко, я люблю их двоих одинаково сильно!

Менің отбасымның екі әжесі бар. Зина әжесі мен Бейжіңнің әжесі, бірақ Зина әжесіне, мен оны өте сирек көремін, себебі ол басқа қалада тұрады. Менің әжем Бейсем бізден алыс емес, сондықтан мен әр демалыс сайын оған барамын.
 Менің әжемнің тамақ дайындауға нақты таланттары бар деп ойлаймын! Ондағы кез-келген тағам өте дәмді болады!
 Ал менің әжем Зинадың үлкен бақшасы бар, мен жазда оған келген сайын мен әрдайым көкөністерді жеймін.
Менің әжелерімнің біреуін өте сирек көретініме қарамастан, мен олардың екі бірдей күшті екенін жақсы көремін!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота