1-тапсырма Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтыру.
Мәтін бөліктері
Мақсаты
Мәтіннің негізгі ойы
Kipicne
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ғаламдық проблемалар – әлемді тұтас қамтитын таби, табl-
антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың
даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде
ғаламдық проблемалар жетерлік. Ғаламдық экологиялық проблемалар
ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялык
проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық кауіптілігінің
мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының
жұқаруы, атмосфераның. Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық
әралуандылықтың азалды. Олар тек кана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-
ның басқаруымен шешілуі мүмкін, Экологиялық проблемалардың
ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін
тудырып отыр. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет,
әйтпесе оның дамуы апатқа, өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады.
Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық
бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік
жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың
жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары
кұрайды.
Тіл туралы мақал – мәтелдер.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
22. Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
23. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
24. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
25. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.