1-тапсырма. Мәтінді зерделеп оқыңдар. Қазақ заңының ерекшеліктерін тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Әр елдің, халықтың өзіне лайық заңы бар. Мұндай заң біздің
халқымызда да ертеден қалыптасқан. Ол кезінде қағазға түспесе де,
білікті, зерделі, беделді адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке
тарап, ғасырлар көшіне ілесіп, жалғасып отырған. Бұл ережелер,
қағидалар далалық ұлттардың әдет-ғұрпына, тұрмысына лайық
жасалып, қылмыс, дау, әділет істері осы заң негізінде шешімін
тапқан. Қазақ заңының тағы бір ерекшелігі сол, тек әділдік пен
дін жолын ұстанумен бірге сөз өнерін: шешендік, тапқырлык,
айтқыштық өнерді де жоғары бағалаған. Соған лайық әділ билердің
өзін де, сөзін де мақұлдап, қадір тұтып, олардың есімін аузынан
тастамаған. Қара қылды қақ жарған Мөңке, Едіге, Төле, Қазыбек,
Әйтеке, Жанқұтты, Байдалы, Досбол, Сырым сынды билерді
халық төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан.
Осы кісілердің дуалы аузынан әділ заңға арналған «Ұсынған басты
қылыш кеспейді», «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды», «Жаңылғанға
жаза жоқ» деген көркем көсемсөздер туған.
Біздің елдің тәуелсіз ел екенін, оның өзінің тәуелсіздігін тойлап жатқанын айту. Балалардың білімін толықтыра отырып өз елінің байлықтары мен қалалары туралы айту. Балалардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамытып, өздерінің ойын айтып жеткізе білу қабілетін дамыту. Өз Отанын, туған жерін зерттеп ой- өрісін өсіру. Топтық ойын арқылы баланың іс- қабілетін арттырып, кішкене мәтіндер құрап айтуын толықтыру. Өз еліне, туған жеріне махаббатпен қарап, ар – ождан намысын өрбіту. Сөздік жұмыс:океанариум этнобақ, қазба байлықтар, бәйтерек ескерткіштер, мейрамдық иллюминация, Құрал жабдықтар: Суреттер, Актау, Астана қаласының бейнелеулері, жануарлардың суреті бар қима карточкалар, Қазақстан Республикасының рәміздері. Сабақ барысы Шаттық шеңбері. Армысың шапағатты күніміз Армысың мейірімді жеріміз Армысың табиғат анамыз Әдеппен бас иер баламыз Тәрбиеші: Балалар, әр түрлі халықтар достығынан құралған Қазақстан Республикасы – өзінің Тәуелсіздік мейрамын тойлайды. Отан – деген сөз ол ең қымбат, ең керекті, барлық адамдардың сүйіктісі ол өз Отаны. Балалар айтыңдаршы Отан деген сөзі сіздер үшін не? (менің үйім, менің отбасым, менің анам, менің туған жерім тағы басқалар). Дұрыс айтасыңдар бұлардың бәрі үлкен де құдіретті Отан деген мағынаны береді және де ол кішкентай ғана отбасы, қалалар, туған жер деген ұғымдардан құралады. Бала: Отан сенің ата – анаң Отан досың бауырың Отан өлкең астанаң Отан аудан ауылың Отан осы достарым Көңілге оны түйе біл Отан деп өсіп жас жаның Оны ардақтап сүйе біл. Бала: Сырқылмайтын қуатым Тірегімсің Қазақстан Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің Қазақстан Сұлу далам менің сүйген еркемсің Жаны жайсан жартылған көркемсің Қандай жақсы қазақ болып туғаның О, туған жер тамашасың көркемсің. Бала: Алтын дәнді даласы бар Ақ күмістей қаласы бар Неткен сүлу неткен көркем Осы менің туған өлкем Көгінде көк нұрын төккен Жерінде гул жұпар сепкен Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем.