1-Тапсырма .Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Асан қайғының Жерүйықты іздегені 1. Асан қайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доныздың кұлағы шығып тұрған жер скен», -депті. Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жаткан кой түндік. Қойдын құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», - деп, тастап кетуге кимай, артына үш караған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты. Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болганда кой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», - депті. Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап калады екен. Тұзы жібермейді екен», - депті. Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», - депті. 2. «Соса-соla» сусынының құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор кышкылы, кофеин, карамель көмірқышқылы косылады екен.Компания өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы- кошениль құртынан алынатын қоспада.Өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын қоспаның еш зияны жоқтығына елді сендіруге тырысуда.Дегенмен сусынның адам ағзасына келтірер залалы күннен- күнге дәлелденіп отыр.Егер жүргізілген тәжірибелерге сүйенсек, бір стакан сусынға салынған кесек ет біраз уақыттан кейін бүрісіп, кішірейіп кетеді екен. Дәрігерлердің пайымдауынша, «Соса-cola» сусыны зиян келтіреді. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темір секілді ең маңызды элементтерді жойып, өміріңізді екі есеге қысқартады. «Соса- cola»сусынын тот басқан заттарды, айғыздалған әйнекті сүртуге пайдалансаңыз, керегіңізге жарайды. 1 . Мәтіндерде қандай мәселе көтерілген ? 2. Мәтіндер стильдің кай түрінде жазылған? Дәлелдеңіз. l-мәтін: 2- мәтін: 3.Мәтіндерде атаулы стильге тән кандай сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер бар? Стильге тән тілдік құралдарын топтастырыңыз
Қоғамдық-саяси "Егемен Қазақстан" ежелден келе жатқан жəне танымал баспа болып саналады, ол басқа баспалардан ұстамдылығымен жəне объективтілігімен өзгешеленеді. Газеттің ең бірінші саны 1919 жылдың 17 желтоқсан күні Оренбург қаласында шыққан. Сол уақыттан бері газет атауы бір емес бірнеше рет ауысқан болатын. Олар - «Ұшқын», «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», жəне де ең соңғысы «Егемен Қазақстан». "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті мемлекеттің ресми ба Оның беттеріне ҚР Президенті жарлықтары, жоғарғы Сот үкімдері жəне басқа да заңдар жарияланады.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
"Егемен Қазақстан" Республикалық газеті мемлекеттің ресми ба Оның беттеріне ҚР Президенті жарлықтары, жоғарғы Сот үкімдері жəне басқа да заңдар жарияланады.