1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырып жаз. 1-мәтін
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған.
Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп, білімін дамыта береді.
2-мәтін
Хабарлама
Құрметті «Абай» кітапханасының оқырмандары! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы сағат 15:00-де болады. Сіздерді көрермен болуға шақырамыз. Кіру тегін.
Өтетін орны: «Абай» кітапханасы, 1-қабат, мәжіліс залы
Мәтіндерді мына ретпен салыстырып жаз:
1-мәтіннің стилі:
2-мәтіннің стилі:
1-мәтіннің тақырыбы:
2-мәтіннің тақырыбы:
1-мәтіннің қысқаша мазмұны (1-2 сөйлем):
2-мәтіннің қысқаша мазмұны (1-2 сөйлем):
Объяснение:
Неліктен мемлекет Қазақстан деп аталды? КСРО құрамындағы Қазақ Республикасы Одақ ыдырағанға дейін 70 жыл бойы өмір сүрді, яғни «қазақ» атауын тоталитарлық үкімет мойындады. Бірақ неге 1991 жылы олар тәуелсіздік алған кезде біздікі. елді Қазақ Республикасы деп атаған жоқ па? «Біріншіден, сол кезде қазақстандықтардың әлеуметтік мәртебесін және халықтың үлесіндегі басқа ұлт өкілдерінің едәуір пайызын ескеру қажет болды», - деп түсіндіреді Ч.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Сәбит Шілдебай.
Объяснение:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
вот