1.Тапсырма . Мәтінге сұхбат құрастыр. Қазақстан Республикасы Қазақ елі – Қазақстан деп аталады. Оның жері 5 Франция, 15 Бельгия жеріне тең. Бас қаласы – Астана. Қазақтар және қазақстандықтар туған жерін жақсы көреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есіммен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай сынды батырлар есімін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтаған. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ең бірінші болып жариялады. Оның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия таныды. Қазір дүние жүзі біледі десек, қателеспейміз. Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қазақстан бүкіл әлемге қарайды. Әлем Қазақстанға қарайды. Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың сыйластығын және олардың өсіп, өркендеуіне жағдай жасап отырған – Қазақстан. Осы бағытта Н. Ә. Назарбаев Отанымыздың гүлденуіне, халықтың әл - ауқатының жақсаруына айрықша күш салып келеді.
Қайық – ескекпен, желкенмен немесе қозғалтқыш күшімен қозғалысқа келтірілетін суда жүзуге арналған шағын қатынас құралы. Қайық а ерте заманнан белгілі. Голландиядағы Пессе (Дренте аймағы) деген елді мекеннен археологиялық жұмыстар барысында ұзындығы 3 м орта тас (мезолит) дәуіріне жататын моноксил қайық табылған. Неолит және қола дәуірлерінде үлкен теңіздер мен мұхит жағалауларын мекендеген халықтар күнделікті тұрмыста су жануарларының терілерімен қапталған ағаш немесе сүйек қаңқалы қайықтарды пайдаланған. Қазіргі кезде қайық көбіне спорттық және кәсіптік мақсаттарға пайдаланылады. Әскери кемелердің кейбір түрлерінің атауында қайық сөзі кездеседі. Мысалы, сүңгуір қайық, канонерлік қайық, ұшатын қайық – гидроұшақ
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан.[2] 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.