1-тапсырма. Мәтінмен танысып, негізгі ақпарат беретін тірек сөздерді анықтап, жаз. Мәтінге ат қой. Выписать опорные слова с текста и озаглавить текст Мәтін: Тірек сөздер Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
хз лалалаллададалалал