1-тапсырма Мәтіннен Текебай мен Қабылбектің бірінен бірі кешірім сұрау кезін табу.
Дескриптор Білім алушы
• шығарманың құндылығын түсінеді;
• талқылау сұрақтарына жауап береді.
2-тапсырма. Берілген үзінді:
Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті.
Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп, қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқтыны жұлмалай, «не боп қалды,айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана Байтоқ:
• Жеңешем ұл тапты, - депті
Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты!
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде ағайын жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
- О,Момыш, балаңның бауы берік болсын!
-Ақментей бабасындай батыр болсын!
-Ақмоладағы Батырбасыдай мәрт болсын!
-Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын!
-Домалақ анамыз жар болсын!- десіпті.
Сөйтіп шілдехана тойға ұласыпты.
Жарық дүниеге келгеніме екі үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді депті шешем ізетпен иіліп.
Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем, құл болма,
Шыбық деп берсем, шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты.
Берілген тірек сөздер:
Төл немерең - бел немерең,
Жас бұтақ.
Дескриптор Білім алушы
• шығармашылдығын танытады.
• өз ойын еркін айтады.
Астана - менің сүйікті қалам.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.