1-тапсырма: «Massaget.kz»сайтынан алынған мәтінді оқып, ауа райын болжауға қатысты 6 ақпаратты іріктеп алыңыз. Есте жоқ ерте замандардан бері а ауа-райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа-райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа-райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды "жұлдызшылар" деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа-райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) ата-бабаларымыздың ауа-райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.
Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен.Теңіз жағасында тұратын адамдар құстардың жағалаудан бірнеше шақырым аймаққа ұшып кетіп, кеш батқанда оралатындығын жақсы біледі. Ал, шулап-улап мезгілінен ерте келіп жатқан құстар көп ұзамай дауылдың болатындығын білдіреді. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Бұлттар ауа-райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады.
Мамаев қорғаны Волгоград қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Волгоградтың негізгі бөлігі арқылы басқарылған және әскери топографиялық картада Биіктік-102,0 деп аталатын Мамаев қорғаны Сталинградтық фронттың жалпы қорғаныс жүйесінің негізгі түйіні болып табылған. Волга жағалауы үшін күресте ол қорғаныс кілті болған. Бұл жерде 1942 жылдың соңғы айларында өте қауіпті қақтығыс болған. Қорған баурайлары бомба және снарядтармен бүлінген, топырақтары метал қалдықтарымен араласып кеткен. Нақ Мамаев қорғанында 1943 жылы 2 ақпанда Сталинградтық шайқас біткен. Батыр қалаға ұлы соғыс құрметіне қақтығыс бітісімен-ақ ұлы ескерткіш қою ойға келген. Үлкен көлемді ескерткішті салып жүзеге асыру үшін бірнеше уақыт керек болған. Ескерткіш құрылысы 1959 жылы мамыр айында басталып, 1967 жылдың 15 қазан айында аяқталған және осы Сталинградтық шайқасқа арналған ескерткіш-ансамбльдің салтанатты ашылуы сол күні болған. Жоғары монументальдық өнердегі ескерткіш авторлық ұжымның ресей халқының батырлығын көркем мүсіннің әр түрінде және оның сәулеттік, табиғи түрде көрсетулеріне қол жеткізген. Мамаев қорғанын көрген әрбір адамға жақсы әсер қалдырары сөзсіз. Әйгілі Евгений Вучетич деген мүсіншінің қалаған "Родина-мать зовет!" мүсіндік-ескерткіштің биіктігі 85метрді құрайды. Сонымен қатар, пирамидалық байтерек Аллеясы, Руины-қабырғалары және Өлімге қиылған алаңы, Әскери атақ Залы да ұмыт қалмайды. Бүгінгі таңда "Сталинградтық шайқас батырлары үшін" тарихи-мемориалды жиын Ресейдегі ең адам көп көрушілердің қатарына жатады. Ол жыл бойы демалыссыз тегін жұмыс істейді.