1-тапсырма. Оқулыққа сүйеніп, С. Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерде кластер жасаңдар.
С.Мұратбеков – жазушы, ұстаз, Талдықорған өңірінің перзенті, алғашқы туындысы 1954 жылы жарық көргөн, шығармалары:
«Жабайы алма», «Ауыл оты», «Жусан иісі», 1936-2007 жылдары аралығында өмір сүргөн т.с.с.
«Алыста қалған балалық шағым...» – деп басталады «Жусан иісі» әңгімесі, «Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың
дөл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын», - деп жалғасады.
Жайлау туралы.
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.
Жайлау туралы.
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.