1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқы. Қазақстанда атақты бокс спортшылары өте көп. Олар: Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бақтияр Артаев, Серік Сапиев, Геннадий Головкин және т.б. Атақты боксшылар Тәуелсіз Қазақстанның көк туын биікке көтерді. Олар бірнеше мәрте жеңіске жетті. Қарсыластарын ұтып, жанкүйерлерін, жаттықтырушыларын қуантты. Бақтияр Артаев - 2004 жылы Грекияда өткен олимпиаданың алтын медаль иегері. Ол қазақ спортшыларының арасында тұңғыш рет Вэл Баркер кубогының иегері болды. Серік Сапиев -2012 жылы Лондон олимпиадасының бірінші орын жеңімпазы атанды. Геннадий Головкин - 2003, 2004 жылдары өткен сайыстарда үлкен жеңіске жетті. Ол Қарағанды қаласында дүниеге келген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік 5 былғары қолғап шеберлерінің құрамына кіреді. Былғары қолғап шеберлері намысты қолдан бермейді. Олар- біздің мақтаныштарымыз.
2-тапсырма. Жазылым. Қалаған 5 (бес) сұраққа жауап бер.
1.Қазақстанда кімдер көп?
2. Атақты боксшыларды ата?
3. Қазақ боксшылар Қазақстанның туын не істеді?
4. Бақтияр Артаев қай олимпиададан алтын медаль алды?
5. Қазақ спортшыларының ішінде тұңғыш рет кім Вэл Баркер кубогын алды?
6. Лондон олимпиадасының бірінші орын жеңімпазы кім?
7. Геннадий Головкин қай жылдары жеңіске жетті?
8. Ол қай қалада дүниеге келді?
9. Геннадий Головкиннің мамандығы қандай?
10. Қай боксшы әлемнің үздік 5 былғары қолғап шеберлерінің құрамына кірді?
!! (
1)Қазақстанда бокс спортшылары өте көп
2)Бекзат Саттарханов, И.Ермахан,Д.Мұхтархан, А.Бақтияр,С.Сапиев,Геннадий Головкин
3)Қазақтың боксшылары Қазақстанның туын биікке көтерді
4)2004 жылы Геркияда өткен олимпиададан алтын медаль алды
5)Бақтияр Артаев тұңғыш рет Вэл Баркер кубыгын алды
6)Серік Сапиев Лондон олимпиадасынан 1-ші орын алды
7)Геннадий Головкин 2003-2004 жылдары үлкен жеңіске жетті
8)Ол Қарағанды қаласында дүниеге келді
9)Геннадий Головкин дене шыныктыру пәнінің мұғалімі болған
10) Геннадий Головкин әлемнің ең үздік 5 былғары қолғап шеберлігі құрамына кірді.
Объяснение:
100% дұрыс