1-тапсырма. сұрақтарға жауап бер. 1. ғaламторды қазақ тілін оқығанда пайдаланасың ба? 2. қандай жағдайда пайдаланасың? 3. ақпаратты кітапханадан қараған ыңғайлы ма, ғаламтордан қараған ыңғайлы ма? неге? 4. ғaламтор оқушы үшін пайдалы ма? 5. ғаламтордың алдында күніне неше сағат отырасың? 6. ғaламтордың қандай пайдасы бар? 7. faламтордың қандай зияны бар? 2 -тапсырма. "ең үздік қойылым». сынып екі топқа бөлінсін. шығарма мазмұны бойынша фогг пен стю- арт бәсін сахналаңдар. сахнаға шыққан әрбір кейіпкер қойылымда сөйлесін. қойылымда джентельмендердің сөз әдебі сақталсын. алдын ала сценарий жасап, рөл бөлісіңдер. қойылымды бағалау критерийлері: - шынайылығы; - фантазия деңгейі; - әртістік қабілеттері; - сөз әдебі. 3 -тапсырма. суретке қара. «ғаламтордың тұңғиығы» тақырыбында ғаламторды пайдалану мәдениеті туралы мәтін құрап жаз. мәтінде осы «ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімінде меңгерген білімің, жаңа ақпарат қамтылуы тиіс. талаптар: көлемі: 160-180 сөз. деректер, мақал-мәтелдер болуы шарт. үстеулерді қолдан.
Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам өмір сүреді және әр адам өзінің шығу тегі, мінезі мен психологиялық қасиеттер жиынтығы бойынша ерекше екендігі баршамызға аян. Белгілі бір адамның іс-әрекетін сипаттағанда, біз оны мінездің қасиеті деп айтатынымыз бар. Ендеше мінез дегеніміз не, оны өзгерту мүмкін бе?
Меніңше мінез ерекшелігі - адамның өзіне тән ерекшелігі, олар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Бұл адамның жеке қасиеттері: мейірімділік, батылдық, жауапкершілік, шешімділік, табандылық, сенімділік, адалдық, олар адамға өмірде жетістікке жетуге көмектеседі. Оған жетістікке жетуді қиындататын қатыгездік, екіжүзділік, алдау, дөрекілік, тұйықтық сияқты қасиеттер бар.
Мінез адамға өмірінің алғашқы күндерінен бастап қалыптасады. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Генетикалық бейімділік - жалпы факторлардың бірі. Мысалы, баланың мінезін әкесіне немесе анасына ұқсас деп айтуы ғажап емес. Демек, мінездің ұқсас қасиеттері атадан балаға мұра болып қалған. Мінездің қалыптасуына баланы қоршаған ортада әсер етеді. Бұл оның отбасы, жақын адамдары, мұғалімдері, достары, олардың оған деген көзқарасы мен әрекеттері мінезінің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Шындығында, жеке тұлға өмір барысында қалыптасады және өзгереді деп сенемін.
Бала қандай жағдайда өсіп, қандай балалармен және адамдармен сөйлесетіні өте маңызды. Өйткені, қамқор ата-аналардың баласының әлеуметтік ортасын мұқият қарап шығуы кездейсоқ емес. Мұның бәрі кішкентай адамды келешекте оның мінезін бұзатын жағымсыз ақпараттан қорғау үшін жасалады. Шындығында, жаман қоғамдастықтар адамды тез бұзуы, болашақта тайғанақ тағдыр кешуі мүмкін. Оның әле бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған және ол жақсы мен жаманды айыра алмайды.
Объяснение:
Көмегі тисе лайк басып, 5 жұлдыз қоюды ұмытпа
Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.
Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?
Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.
Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?
Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.
Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?
Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.
Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?
Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.
Аспандияр: Жарайсың! Сабақтыжақсы меңгерген екенсің.