1-тапсырма. Сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасаңыздар. Табиғи ресурстар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулықты сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар а тәуелсіз болып келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз қалпына келіп отыр.
Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріп жазу.
1) босаға - г) киіз үйдің маңдайшасы мен табалдырығын қосатын және кереге бекітілетін ағаш
2) маңдайша - а) екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш
3) табалдырық - е) екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш
4) күлдіреуіш - б) түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек
5) шөміш - т) ожау
6) төсекағаш - в) керует
7) тұтқыш - д) қазанды оттан түсіргенде қолға киетін қолғап тәрізді киіз
8) ішік - л) іш жағы аңның терісінен тігіліп,сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім
9) туырлық - м) кереге бойын шаңыраққа дейін жабатын киіз
10) үзік - к) туырлықтың бөлігі
11) белдеу - з) жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан
12) ши - и) киіз үйдің бөлшегі, шиден тоқылған бұйым
13)дөдеге - н) кереге басы тұсына оюлап жасалған әшекейлі киіз
14) түндік - с) шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз
15) мосы - р) ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін, үш тағанды темір құрал
16) ыңыршақ - п) өгізге жүк артуға не мінуге арналған ағаштан жасалған биік ер
17) ашамай - о) атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін арнайы жасалған ер
18) аяққап - ж) көшкенде ыдыс-аяқ салатын киіз дорба