1-тапсырма Сөйлесейік
Сөйлемдерді үлгі бойынша көршіңмен бірге талқыла. Келісетініңді не
келіспейтініңді айт.
Үлгі: Менің ойымша, болашақта «Қызыл кітап» жойылады. Себебі
адамдар жануарлар мен өсімдік түрлерін қорғайтын болады.
1. Болашақта адамдар табиғат байлығын үнемдеп қолданады.
2. Болашақтың адамы озық технологияларды пайдаланады.
3. Болашақта адамдар ұзақ жасайды.
4. Болашақта дәрігерлер роботталған түрлі құралдарды пайдаланады.
5. Болашақта сауда орындары болмайды.
6. Алдағы уақытта Айда өмір сүруге болады.
7. Алдағы 50 жылда әр ұлт өз киімін киеді.
8. Болашақтың мектебінде мұғалім болмайды.
жазайы
Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Ал елді қоныстарда ауаға адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан қара көк түтіннен өте майда күл, шаң-тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.
Ірі қалалардағы ауаның ластануының тағы бір көзі – автомашиналар. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
Есте сақтаңыздар
Ауаның құрамы, қабілеті кемиді, өкпе, тәулік, шалдықтырады, майда күл, кәсіпорындардың мұржалары, улы заттар, көмірқышқыл газы, гүлзарлар, демалыс бағы.