1-тапсырма. Саша досына хат жазды. Сашаның хатын оқы. Грамматикалық кестені пайдаланып, Сашаға хатты дұрыс жазуға көмектес.
Сәлем хат
Сәлем, досым Ян! Қалың қалай? Степан атайдың денсаулығы жақсы ма? Қандай жаңалықтар бар?
Менде бәрі жақсы. Мен саған 1 ай бұрын да хат жаз . Мен ол хатта Бурабай көлін суретте . Мен отбасыммен жыл сайын Бурабайда демал . Әкем екеуміз суға шомыл . Ал Юля мен анам күнге қыздырын . Біз осы жазда да Бурабайға бар . Биыл жазда Көкшетауда, Оқжетпесте бол . Анам мен Юля 5 күн демал . Ал мен әкеммен суда жүзуден жарыс . х, Ян, сен де бізбен саяхатқа барсаң ғой! Керемет тамаша болар еді. Мүмкін, Степа атайға айтып көр , а? Мүмкін степа атаймен менің әкем сөйлес ? Қалай ойлайсың? Менің саяхатқа сенімен бар келеді.
Тезірек демалысқа шық келеді. Сені көр келеді. Хатты алған соң жауап жаз. Сау бол!
Сәлеммен, досың Саша
28.03.2019 жыл
Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған.
Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Қазіргі жахандану заманында үш тілді білу - міндет
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!