1-тапсырма.Шығармадан алынған үзінді бойынша ойыңызды (ПОПС әдісі) қорытып жазыңыз. Ойыңызды жазу үшін берілген үлгі мен клишелерді тиімді қолданыңыз. (7-8 сөйлем) ...Естемес қиялынан сергіп, нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңырай-ды. Естемес оны да домбыраның ішегіне іліп әкетті.
... Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып барады...
1-сөйлем. Кіріспе сөйлем
2-сөйлем. Менің ойымша, ...
3-сөйлем. Себебі…
4-6-сөйлем. (Аргумент)
7-сөйлем . Ойымды қорытындылай келе,..
Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуы; сол аумақты басқаратын мемлекеттік биліктің болуы; елдікті нақыштаған әнұран, тудың және елтаңбаның болуын атауға болады. Әлемдегі 2500-ден аса халықтың 220-ға жуығының ғана тәуелсіздігі бар. Жаһандану заманында тәуелсіздікті ұстап тұру қиындай түсуде. Тіпті, кейбір елдер саяси, экон., әскери, ашық, жасырын тәуелділікке ұрынуда. 20 ғасырдың басына дейін империялар өзге елдерді ашық әскери қимылдар арқылы тәуелділікке түсіру саясатын ұстап келді. Кейіннен одан гөрі тиімдірек жасырын экономикалық тәуелділік саясатына көшті. Сондықтан тәуелділік ресми түрде тәуелсіз елдердің жасырын сипаты болуы мүмкін. Мәселен, көптеген Орта Азия, Африка елдері бейресми тәуелділікте күн кешуде. Шын мәнінде олар Батыс Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-қа тәуелді. Канада, Үндістан елдері әлі күнге Ұлыбритания монархын өз билеушісі санайды. Сондықтан саяси тәуелсіздікті экономикалық тәуелсіздікпен ұштастырмайынша толыққанды тәуелсіздікке жол жоқ. Қазақстанның тәуелсіздікгі елдің қажырлы ырқының арқасында орнады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың тәуелсіздікке деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.
Объяснение:
ответ: 7-сыныпта «табиғат ресурстары» деген түсінікпен, табиғи байлықтардың жіктелуімен, ресурстармен қамту деңгейін есептеу тәсілдерімен таныстыңдар. 8-сыныпта сендер табиғи ресурстарды бағалау тәсілдерін зерттеуді жалғастырасыңдар.
Кез келген мемлекет немесе кәсіпорын белгілі бір ресурстарды игергенде қандай ақшалай тиімділікке қол жеткізетіндіктерін алдын ала білгісі келеді. Оларды табиғат байлықтарын игерген кезде қандай шығындар болуы мүмкін екендігі, қандай табыс алатындығы қызықтырады. Мұндай бағалау оларды игеруге тұрарлық па екендігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Табиғи ресурстардың құнын ақшамен бағалау үшін олардың натурал мөлшерін (өлшеу бірлігіне сәйкес жалпы қорын) анықтау қажет.
Барлық кендер, ағаш сүрегінен басқа биологиялық ресурстар, бағалы тастар салмақ бірлігімен, су, газ және сүректер – көлем бірлігімен, жер ресурстары – аудан бірлігімен өлшенеді.
Ресурстардың кейбір түрлерінің натурал шамасын өлшеу қиын және оларды балмен бағалау қолданылады. Бұлар – топырақтар, рекреациялық ресурстар.
Кейде ресурстардың жекелеген түрлерін натурал шамасымен де, балмен де ( ) бағалайды. Мысалы, екі жер телімінің ауданы бірдей. Бірақ олардың біреуінің ақшалай құны ондағы топырақтың құнарлырақ болуына немесе жер бедері әлдеқайда жазық болуына байланысты қымбатырақ болуы мүмкін. Ол жерде қызықтыратын қосымша элементтер – суы, орманның әдемі жері болуы немесе ол жолға және ірі қалаға жақын болуы мүмкін. Телімнің осы қосымша сипаттамалары оның балмен құнын арттырады.
Табиғи ресурстардың ақшалай құнын анықтау үшін олардың натурал шамасын сауда-саттыққа қабылданған осы шаманың бір бірлігінің құнына көбейту қажет.
Мысалы, орман телімінде сағызқарағай сүрегінің, шамамен, қоры 100 000 м3-пен бағаланады. Нарықта 1 м3 сағызқарағайдың құны 25 200 теңгені құрайды. Сонда сүректің жалпы қоры 2 520 000 000 теңгеге бағаланады.
Алайда, ресурстар бұл толықтай қажетті элементтерден құралмайтын табиғат денелері екендігін есте ұстау өте маңызды. Олардың құрамында қажетсіз элементтер де болуы мүмкін. Мысалы, Қостанай облысы Сарыбай кен орнындағы темір кенінің құрамында 33% темір бар, ал қалған көлемін кремнезем, күкірт және фосфор құрайды.
Мұнда 1 т шойын қорыту үшін, кем дегенде, 3 т кен өндіру қажет. Кен орнындағы темір кені қорының құнын анықтау үшін сол кеннің емес, шойынның құны есепке алынады. 2017 жылғы жағдай бойынша 1 т шойын Қазақстанда, шамамен, 200 мың теңгеден сатылды.
Қостанай облысының Сарыбай кен орнындағы темір кенінің жалпы қоры 889 млн тоннаны құрайды.
Ресурстарды игеруге жұмсалатын шығын жалпы алғанда техникаға жұмсалатын шығындарды, қосымша материалдарды, инфрақұрылымды, еңбекақыны және басқаларды құрайды. Мысалы, 1 т шойын өндіру үшін 3 т-дан астам кен, 1,1 тонна қорытқы көмір, 20 тонна су, сонымен бірге түрлі мөлшерде басқа да материалдар қажет.
Егер де ресурстар аз, ал оны өндіруге жұмсалатын шығын көп болса, онда оларды табиғаттан өндіріп алу іске асырылмайды.