1-тапсырма. «Сократ курсы» әдісімен мәтін бойынша берілген тапсырманы орындаңдар. 1-қадам
2-қадам
Әр оқушы мәтінді өз бетімен оқи отырып, негізгі ойды анықтайды, жоспар құрады.
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 жай және 1 күрделі сұрақ құрастырады.
Негізгі ой
1
Жоспар
2
Өсімдікті емге пайдалану туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған. Өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берген ежелгі грек дәрігері Гипократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеуде кеңінен қолдануға болады десе, Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін медицина саласындағы ғұлама ғалымдар қатарына ХҮ ғасырдың шипагер-ғалымы Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де қосылды. Оның «Шипагерлік баянындағы» шипагерлік дәстүр мен үрдіс жаңа белеске көтеріліп, оны зерттеуге кең жол ашылды.
Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытқан Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы мыңнан астам дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қо жасаған. Шипагердің науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа-емді және 4577 дәрі тізбесін ұсынуы ХҮ ғасырда-ақ қазақ жерінде фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді.
Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы жақсы білген. Дарқан даламызда жайыла өсетін қарапайым жусанды алайық. Бұл өсімдіктің «дермене жусан» атты түрін ішек құрты ауруын емдеуге, ал қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт ауруына пайдаланған.
Объяснение:
1-қадам: бұл мәтінде өсімдіктің пайдасымен оның қабілеті, адамдарды емдеуге болады туралы айтылған
2-қадам:Жай сұрақ: өсімдіктің пайдасы мен зияны қандай?
Күрделі сұрақ: өсімдіктің емге үшін пайдаланады бірақ жай дәрілермен олар қандай рөл атқарады?