1-тапсырма Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Ары қарай не болуы мүмкін?
2-тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Араша» тақырыбына мәтін құрап айт.
Тірек сөздер: бақ іші, құстың ұясы, балапанның даусы, мысық, қуып жіберу, балапанды аяу, бас киім, ұяға салу, құстардың алғысы, өз ісіне риза болу.
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).