1-тапсырма. Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойып, жаз. 1. Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл дейді Махмұд Қашқари
2. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
дейді сөз зергері Ғабит Мүсірепов
3. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма –дейді.
4. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл деді жазушы Әбіш Кекілбай
Жылқылар топтасып, жүйткіп, кісініп ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей күн суытып, ызғар соғып, боранды жауын қарлы борасын болады деп біледі. Жылқылардың жүні үрпиіп, жайылуға зауқы жоқ болса, онда біраздан кейін күн суытып ауа райы бұзылады. Ат әлсін – әлсін пысқырса, жазда жел күшейіп жауын жауардың, ал қыста қар жауып, қарлы борасын болады. Жылқы ыққа жайылса, жел, жауын, қарлы борасындар, ызғар суық жел болады. Айғыр үйірін, мойынын жерге сала, жиса ауа райы кешікпей бұзылады. Жылқы малы қыста, көктемде жайылғанда, қай жаққа қарап жайыла берсе, жайлы жылы күндер болады, ал желге қарсы жайылса, жайсыз күндер болатының белгісі. Бие кенет суалса, кешікпей жауын жауатын болады.