1-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, ондағы етістіктерді құрамына және болымдылық-болымсыздық, рай, шақ, жақ категорияларына қарай талдаңыздар,
түсіндіріңіздер. Тұлғасына назар аударыңыздар.
–
Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз
өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны, бір байдың Отамалы
деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы
басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан
титықтап шыққан кезі, малыңнан айырыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен.
Сен тоғышарлық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап, қойды жайылысқа
шығарады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш
түн соғып, бар қой ығып кетіп, қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы
бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы – «Отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр
сонны біледі ғой деді Қарабас (
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "
Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))