1-тапсырма. Тестік жұмыс.
1. Жедел өткен шақ тұрған сөйлемді тап
А) Бокстан финалға шыққан
Ә) Бірнеше рет жүлделі болды
Б) Бақтияр Артаев қарсыластарын тізе бүктіреді
2. Рингсөзі қалай аударылады?
А) алаң
Ә) балалар алаңы
Б) шаршы алаң
3. Жалпылау есімдігі бар сөз тіркесін тап
А) өздері келді
Ә) қайда бардың?
Б) барлығы келісті
4. Бекзат Саттарханов қай олимпиада жеңімпазы?
А) Лондон олимпиадасы
Ә) Сидней олимпиадасы
Б) Пекин олимпиадасы
5. «Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жаяйық!
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық!» өлеңінің авторы кім?
А) Мұзафар Әлімбаев
Ә) Бердібек Соқпақбаев
Б) Мұхтар Әуезов
6. Мақалды аяқта «Шынықсаң,»
А) темір боласың
Ә) шымыр боласың
Б) күміс боласың
7. Қазақ халқының ұлттық ойындары қай үй жануарымен байланысты?
А) атпен
Ә) ешкімен
Б) түйемен
8. Адам таңертең тұрған ең алдымен не істейді?
А) ұйықтайды
Ә) сурет салады
Б) жаттығу жасайды
9. Болымсыздық есімдігі бар сөз тіркесін тап
А) ешқашан жеңілмейді
Ә) кейбіреуі тыңдады
Б) барша халық
10. Спортқа қатысы жоқ қатарды тап
А) Ермахан Ибраимов, Марина Вольнова, Серік Сәпиев
Ә) коньки, шаңғы, доп
Б) таяқ, ау, шаш
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас