1-тапсырма.
Жәңгір хан тұлғасы және Орбұлақ шайқасы туралы алған біліміңізді пайдаланып, мына тапсырманы орындаңыз:
Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ойтолғау жазыңыз.
Орбұлақ шайқасы туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме жазыңыз. Дескриптор
— Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ой-толғау анықтайды;
— Орбұлақ шайқасының барысы туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме береді.
2-тапсырма. Қазақтардың Орбұлақ шайқасында жеңіске жетуінің нақты 5 себебін белгілеңіздер.
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды
2 - тапсырма
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.