1-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Ойлан! Жұптас! Жауап бер!» әдісі бойынша сұрақтарды талқылаңдар. 1. ҚР Конституциясының «Ата заң» деп аталуына не себеп болды? 2. Адам құқы туралы қай занда айтылады?
3. Ата заң ненің іргетасы?
4. Ата заңды кім түзеді? Оны кім мақұлдауы тиіс? 5. Ата занды көпшіліктің өтінішімен өзгертуге бола ма?
Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.